Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

Жаңа мектептер дәуірінде баланың 
бейімделуіне көмектесетін 5 дағды

2026 жылғы білім беру реформасы жаңа бағдарлама мен жаңа оқулықтан ғана тұрмайды. Жаңа реформа — ізденімпаз, қызығушылығы мол тұлғаға, яғни балаға мектептің қайта назар аударуға жасаған қадамы. Біз білім тез ескіретін заманға қадам басып жатырмыз. Сол себепті енді баланың нені білгені емес, қалай үйренетіні, қоғаммен қалай қарым-қатынас жасайтыны, қалай қателесіп, қалай қайта бастай алатыны маңызды болып жатыр.
Осылайша мектеп — оқушының тәртібі үшін аттестат беретін орын емес, тұлға қалыптасатын ортаға айналуда. Бала жаңа білім беру жүйесіне тез бейімделуі үшін оны тек «бес» алуға үйретпеу керек. Оқушы ешқандай стандарт пен реформаға байланбай, еркін ойлай алуы үшін ішкі тірегін нығайту керек.

Бала жаңа жүйеге тез үйренісуі үшін ішкі тірегін нығайтатын мына 5 дағдыны ұсынамыз.
1. Еркін тұлға болу және ішкі мотивация
Бала ой-пікіріне басқалардың құлақ асқанын байқағанда, өзгелерді де тыңдай бастайды. Self-Determination Theory (Deci & Ryan, Harvard, 2000) зерттеулері баланың мотивациясы өзін еркін тұлға және қабілетті сезінгенде, сонымен қатар өзгелермен жақсы қарым-қатынас жасағанда артатынын айтады.

Жаңа мектеп оқушының әр қадамын бақыламайды, керісінше, мақсат қоюды, уақытын реттеуді және дұрыс нәтиже шығару үшін жауапкершілік алуды үйретеді.

Тәуелсіз болу — шектен тыс еркіндік деген сөз емес, бұл — баланың не үшін оқып жүргенін түсінетіндей ішкі санасының дамуы.
2. Командалық ойлау және эмпатия
Болашақта жеке дара мықты адамдар емес, түрлі көзқараста болса да, бірге жұмыс істей алатын командалар жеңеді.

OECD-тің «Future of Education and Skills 2030» тұжырымдамасы ХХІ ғасырдың басты құзыретінің бірі ретінде эмпатияны, яғни өзгелердің қалауын түсіне отырып жұмыс істей алуды (collaboration with empathy) атап өтеді.

Қазіргі мектеп жобалары да өмірдің шағын моделіне айналып жатыр. Оқушыға тек бірге істейік деу жарамайтынын түсінді: баланың ойын тыңдап, пікірін тыңдайды. Оқушы қаламаса, өз дегенін де бас тартады. Сонымен қатар балаға шабыт беріп, оны қолдап отырады.
3. Цифрлық саналы көзқарас және кибертазалық
Технологиядан қорқудың қажеті жоқ, оны заманның тілі десек те болады. Алайда оған қызмет етпей, керісінше, меңгерген абзал.
2026 жылғы реформа бойынша цифрлық сауат барлық пәнге ішінара енгізіледі. UNESCO мен еуропалық комиссия digital literacy-ді «технологияны жауапкершілікпен, сын көзбен және этикалық тұрғыда пайдалану» деп көрсетеді.
Балалар бүгінде ақпараттың секунд сайын көбейетін ортасында өсіп жатыр. Ал біздің міндет — интернеттен алыстату емес, білім мен қажетсіз дүниені, ақпарат пен өсек-аяңды, контент пен мағынаны ажыратуды үйрету. Бала тек медиасауатты ғана емес, ойы адал, санасы таза болуға тиіс.
4. Іздену мен қызығушылық
Мына әлем сұрақ қоюдан жалықпайтындарға арналған. Project-Based Learning (жобалық оқыту), Inquiry-Based Education (ізденіске негізделген оқыту) сынды қазіргі оқыту модельдерінің бәрі оқушыны зерттеуші етуге бағытталған. Бала сұрағына өзі жауап іздегенде, сол бойынша білім жинайды. OECD мұны transformative learning, яғни теорияны өмірмен байланыстыра алу деп атайды. Осылайша қайталайтын емес, зерделей алатын сана иесі қалыптасады.
5. Икемділік және қайта үйрену
Барлығы тез өзгеретін замандағы нағыз тұрақтылық – бейімделу қабілеті. OECD бұл құзіретті learning to learn, яғни «үйренуді үйрену» деп атайды. Мұндай қабілеті бар адам тәжірибені саралап, стратегияны өзгерте алады және жасаған қатесінен сабақ алады. Жаңа мектептерде қателіктен қорықпай, оны дамуына қолдана алу – басты дағды болмақ. Міне, болашақ интеллектісі деген осы. Оқушының энциклопедияға тойып алғаны емес, өмірге икемділігі, шынайы ойлай алатыны үлкен жетістік болады.

Болашақта оқушылар үздік баға алу үшін жарыспайды. Керісінше, ақыл-ойы мен санасын жетілдіруге күш салады. Дегенмен технология дамып, білім саласында тренд жаңарып жатса да, ата-ана мен жақындардың қолдауы басты орында болады. Егер баланың жанынан оның алған бағасына емес, білімінің сапасына мән беретін адамдар табылса, ол ешқандай реформаның ішінде адасып кетпейді.
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)