Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

IT саласында дүр сілкінген қазақ тілі: мұның маңызы неде?

Дәстүрден технологияға бетбұрыс
Біраз уақытқа дейін қазақ тілі технологияда емес, үйде, мәдениетте және күнделікті өмірде ғана қолданылып келді. Қазір бәрі өзгеріп жатыр. Қазақстанда ана тілінде код, подкастар жазатын және стартаптар бастайтын буын өсіп келеді. Бұл жай ғана үрдіс емес, бұл – мәдени өзгеріс.
Тіл тек форма ғана емес
Цифрлық ортада тіл – белгілі бір халыққа тиесілі құндылық қана емес, сонымен қатар елді болашаққа жетелейтін қақпа тәрізді. UNESCO-ның (Digital Linguistic Diversity Report, 2024)) мәліметтері бойынша, интернеттегі контенттердің шамамен 80%-ы 10 тілде жасалады. Ал егер тіл цифрлық кеңістікте көрінбесе, өзінің қызметін жоғалтуы мүмкін.
Теңсіздіктің жаңа түрі – тілдің технологияда болмауы 
UNESCO
Тіл кодқа айналса…
ІТ бағдарламашылары «код та – бір тіл» деп әзілдейді. Қазіргі кезде код пен қазақ тілі бір-бірімен түсінісе бастады. Соңғы жылдары мамандар IT интерфейстерін аударып, қазақ тілінде нейронды желілер жасап, Chat GPT-ны қазақшалап және тілдік модельдерді құрап жүр. Мұны жай ғана «локализация» деуге келмес. Бұл — цифрлық әлемде ана тілін қолданатын құқықты иелену.
Қазақ тілі бүгінде белсенді түрде цифрланып жатыр: машина аудармалар, дауысты көмекшілер, интерфейстер, оқу платформалары, подкасттар, т.б. дүниелер пайда болуда. Әрбір жаңа өнім — болашақ тілінің инфрақұрылымындағы құрылыс материалы іспетті.
Мәселен:
  • QazLang AI стартабы сөйлеуді тану модельдерін қазақ тілінде оқытады;
  • Qazaq GPT бастамасы генератив жауаптарды жақсарту үшін жұмыс істеуде;
  • Ulagat App жобасы IT терминдерінің мағынасын бұзбай аударып, қазақша түсіндіретін оқыту курстарын әзірлеп жатыр.
Бұл әрекеттер технология үшін неліктен маңызды?
Тіл – тек коммуникация құралы ғана емес, тіл – ойдың көз жанары. Бағдарламашы ана тілінде ойлаған кезде, логиканы өзінше құрып, әлемді басқаша көреді. Осылайша технологияда түрлі мәдени көзқарас пайда болады.

Адамның ана тілінде ойлауымен жазылған код қоғамға нақты керек сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі. Міне, сондықтан ірі компаниялар (Google, Meta, Microsoft) «шағын тілдерді» дамытуға инвестиция салады. Себебі мәдени дәлдік қазіргі таңда артықшылыққа айналып жатыр.

Қазақстанда қазақ тілін кедергі деп емес, керісінше ерекшелік ретінде көретін жаңа буын өсіп келеді. Олар Data Science туралы Telegram арналарын жүргізеді, UX дизайнын жасайды және ана тілінде техникалық эсселер жазады.
«Қазақ тілі – бұл біздің цифрлық ДНҚ», – дейді Digital Qazaq қозғалысының frontend әзірлеушісі және белсендісі Аяжан Сарсен.
Кейінгі кезде ана тілімізде жаңа сөздер, жаңа мағыналар және жаңа эстетика пайда болып жатыр. Тіліміз өзінің поэтикасын сақтай отырып, алгоритмдер әлеміне бейімделуде.

Қазақ тілінің IT саласындағы гүлденуі тек сөздіктермен және интерфейстермен ғана шектелмейді. Жаңа әрекеттер халықтың болашақпен ана тілінде сөйлесу құқығын ретке келтіріп жатыр. Тіл технологияға бетбұрыс жасаған кезде тек мәдени нышан болып қалмайды, ол жаһандану мен өркениеттің бас құралына айналады.
Аударған: Құндызай Әмірбекқызы
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)