MIT ЖАЗҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ: ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬГЕ ҚАТЫСУ ШАРТЫ МЕН ТЕГІН БАҒДАРЛАМАЛАР
Егер сіз инновациялар әлемімен етене танысып, әлемдік деңгейдегі профессорлармен жұмыс істеп, роботтар жасалатын, стартаптар дүниеге келетін, болашақтың міндеттері шешілетін кампус атмосферасын көруді қаласаңыз, жазғы мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.
Әлемнің ең беделді әрі технологиялық оқу орындарының бірі — Massachusetts Institute of Technology (MIT) мектеп оқушылары мен студенттерге арналған STEM, инженерия, математика, бағдарламалау және көшбасшылық бағытындағы оқу лагерьлері мен зерттеу мектептерін өткізеді.
Талантты жастар үшін мұндай бағдарламалар даму алаңы, шетелдік университеттерге түсудің дайындық платформасы және инновациялар әлеміне ашылған есіктің кілті десек болады. Кейбір бағдарламалар толығымен тегін болса, ендігілері қаржылай қолдайды.
ORKENLINK – жастарға арналған цифрлық карьералық навигация экожүйесі – MIT ұсынатын ең үздік жазғы бағдарламаларды жинақтап назарларыңызға ұсынады.
🔹 MITES Summer — MIT-тің алты апталық жазғы резиденттік бағдарламасы (тегін)
Оқушыларға арналған ең танымал әрі беделді бағдарламалардың бірі.
✔️ Оқу MIT кампусында өтеді. ✔️ Математика, инженерия, жаратылыстану, академиялық жазу бойынша интенсив. ✔️ Зертханалық жұмыстар, экскурсиялар, жобалар, менторлық жүйе.
Толық тегін қатысуға болады — оқу, жатақхана және тамақты MIT қамтамасыз етеді (жол шығыны кірмеуі мүмкін).
🔹 Mathroots – дарынды жастарға арналған математикалық жазғы мектеп (тегін)
Математика жағынан креативті оқушыларға арналған 2 апталық жазғы бағдарлама.
✔️ Математиканы шығармашылықпен түсінуге бағытталған. ✔️ MIT профессорлары мен шақырылған сарапшылар жүргізеді.
Бағдарлама — іріктеуден өткен қатысушылар үшін тегін. Әлеуметтік осал топтардан шыққан жастарға қолдау ұсынады.
🔹 RSI – Research Science Institute (MIT) ғылыми-зерттеу мектебі
5–6 апта MIT кампусында жүргізілетін, әлемдегі ең мықты жазғы зерттеу мектептерінің бірі.
✔️ Қатысушылар зертханаларда жұмыс істейді. ✔️ Ғылыми жобасын жасайды. ✔️ Ғылыми есеп жазып, оны ғалымдар алдында қорғайды.
Байқаудан өткен қатысушыларға бағдарлама – тегін.
🔹 Beaver Works Summer Institute — инженерлік жобалар мектебі
MIT Lincoln Laboratory әзірлеген төрт апталық жазғы бағдарлама. Бағыттары: автономды жүйелер, робототехника, бағдарламалау, киберқауіпсіздік.
✔️ bootcamp формат; ✔️ командалық жобалар; ✔️ жоғары деңгейдегі практикалық тәжірибе.
Кейбір тректер тегін, талаптар бағдарлама бағытына байланысты өзгеріп отырады.
Women’s Technology Program (WTP) — инженерлік бағыттағы қыздарға арналған MIT жазғы бағдарламасы
Төрт апталық бағдарлама.
Бағыттары: 🔹 машина жасау; 🔹 электротехника; 🔹 қолданбалы инженерия.
Іріктеу мен қаржыға байланысты бағдарлама толық немесе ішінара тегін болуы мүмкін.
MIT ЖАЗҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ СІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
Қатысушылар:
MIT деңгейіндегі білім;
нақты ғылыми-зерттеу тәжірибе;
лабораториялар мен профессорлармен танысу;
портфолиоға арналған жобалар;
халықаралық орта;
үздік университеттерге түсуге басымдық береді.
Бұл бағдарламалар – өзіңізді сынап көруге, инженерлік ойлау мен зерттеу дағдыңызды анықтаудың таптырмас мүмкіндігі.
Шетелдік қатысушыларға арналған талаптар
Мына маңызды жайттарды ескерген абзал:
✔️ көптеген тегін бағдарлама АҚШ оқушыларына бағытталған; ✔️ іріктеу кезеңінің байқауы көп дайындықты қажет етеді; ✔️ шетелдік қатысушылардан үздік нәтижелер күтіледі (олимпиадалар, жобалар, зерттеулер).
Дегенмен егер сіз STEM бағытында мықты, мектептен тыс белсенді болсаңыз, ағылшын тілін еркін меңгеріп, мотивацияңызды дәлелдей алсаңыз, онда кез келген есіктің кілті қолыңызда деген сөз.
Бағдарламаларға қатысу шарттары
Талаптарды алдын ала зерттеу керек. Өйткені шартта жас, деңгей және бағыт бойынша айырмашылықтар кездеседі. Одан бөлек олимпиада, жоба, зерттеулерге қатысып, сертификаттарыңызды жинақтаңыз. Тілді жоғары деңгейде меңгеруіңіз керек. Эссе мен ұсыныс хаттарға ерекше мән беріңіз, себебі олар шешуші рөл атқарады. “Білімді мыңды жығады” демекші, қорқынышты артқа тастап, тәуекелге бел буу – ең ұтымды шешім.
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар