Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

Кәсіби бағдар: Мамандық таңдаудың құпиялары

Жас дос, егер дәл қазір «қайда оқуға түссем екен?», «болашақта кім болам?», «мамандықты дұрыс таңдадым ба?"деген сұрақтарға жауап таппай жүрсең, бұл мақала саған арналады. 

Мамандық таңдау жай ғана университет таңдау емес, өйткені бұл шешім сенің өмірдегі бағытыңды айқындайды. Ал кәсіби бағдарыңды анықтауға не нәрсе түрткі болуы мүмкін? Мамандықты жүрек қалауымен таңдап жатырсың ба, әлде табысы қызықтыра ма? Мүмкін бұған қоғамның әсері бар шығар? Осы сауалдарға жауап табу үшін «Мамандық таңдау мотивтері» тестінен өтіп, ішкі жай күйіңе үңіліп көр. Осылайша шешімді қаншалықты саналы түрде қабылдағаныңды біле аласың.
Тесттің сұрақтары қандай?
Тест барысында оқушыға 20 түрлі тұжырым ұсынылады (мысалы, «Өзге адамдармен қарым-қатынас орнату», «Ата-анама ұнайды», «Жалақысы жоғары», т.б.). Әр тұжырымды 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалау қажет.
Мотивацияның төрт түрі: Сіз қай топқа жатасыз?
Тест нәтижесі бойынша мотивация төрт негізгі топқа бөлінеді:
  • Ішкі тұлғалық маңызы бар мотивтер («И»): Егер сіз осы топта жоғары балл жинасаңыз, мамандықты жеке қызығушылығыңыз бен бейіміңізге қарай таңдағансыз. Шығармашылық еркін болғыңыз келеді, қабілетіңізді дамытуға күш саласыз. Бұл — ең сенімді таңдау, себебі мотивация ішкі дүниеңізден пайда болады.
  • Ішкі әлеуметтік маңызы бар мотивтер («С»): Мұндай жандар қоғамға пайдасын тигізуді көздейді. Жауапты болады, адамдарға көмектесуді басты орынға қояды. Сіз үшін жұмыс әлемді жақсы жаққа өзгертудің басты құралы болмақ.
  • Сыртқы оң мотивтер («+»): Бұл — прагматикалық таңдау. Сізді жалақының көп болғаны, жұмыстың үйге жақын болғаны немесе жұмыс графигінің ыңғайлы болғаны қызықтырады. Әрине, бұл да ақылға қонымды көзқарас. Дегенмен егер материалдық жағдай өзгерсе, жұмысқа деген қызығушылығыңыз да тез сөнуі мүмкін.
  • Сыртқы теріс мотивтер («-») — ең қауіпті аймақ. Өйткені мамандықты өз қалауыңызбен таңдамағансыз. Қандай да бір қысыммен (ата-ананың айтуымен, достарға ілесумен немесе басқа амалдың жоқтығынан) шешім қабылдағансыз. Кәсіби бағдарды осылай таңдасаңыз, болашақта мамандығыңызды басқа салаға ауыстырып жіберуіңіз әбден мүмкін.
Нәтиже қалай сақталады?
  • Пайдаланушыға ең көп балл жинаған екі негізгі мотивтер тобы көрсетіледі.
  • Қорытынды оқушының жеке профилінде сақталады.
  • Бұл деректер болашақта таңдаудың қалай өзгергенін салыстыру үшін қажет.
Бұл тест — мамандық таңдау туралы шешіміңді терең зерттеуге таптырмас құрал. Ол жай ғана сұрақтар жиынтығынан тұрмайды, сенің нақты не нәрсеге басымдық беріп тұрғаныңды көрсетеді.

Дәл қазір таңдауыңның себептерін талдап, ішкі түйсігің мен жүрек қалауыңды түсініп алу қажет. Егер кәсіби бағдарыңды қысымнан немесе кездейсоқ анықтасаң, бірнеше жылдан кейін жұмысқа деген ықыласың жоғалып, уақытыңды босқа өткізгеніңе өкінуің мүмкін. Ал қалауыңды ертерек білсең, болашақта өзіңе ұнайтын іспен рахаттана айналыса аласың.
Журналист: Құндызай Әмірбекқызы
Редактор: Зарина Қайратқызы
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)