Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

Мамандық таңдау: Orkenlink арқылы өз типіңді анықта

Мамандық таңдау — әр адамның өміріндегі ең маңызды қадамның бірі. Өйткені бәрі бірдей кім болатынын бала күнінен шешіп қоймайды. Жасөспірімдер осы кезеңде түрлі эмоцияны өткереді. Бірі кәсіби бағдарын нақты білсе, енді бірі оң жамбасына келетін мамандықты таппай күйзеледі. Ал кейбірі ата-ана мен қоғам қысымынан шешім таппай, ой шырмауына түседі. Дегенмен бүгінде ата-анаға да, балаға да жол сілтейтін мүмкіндік көп. 

Жас дос, өзіңізге не қызық екенін және қай салада табысқа қол жеткізетініңізді алдын ала анықтауға болатынын білесіз бе? Ол үшін психология ғылымдарының докторы Е.А. Климовтың классикалық тест әдістемесі көмекке келеді.
Әдістеменің мәні неде?
Бұл тест адамның еңбек нысанына негізделген, яғни кіммен немесе немен жұмыс істегісі келетінін (техника, адамдар, белгілер, табиғат немесе өнер) көрсетеді. Сіз күнделікті әрекеттеріңізге қатысты 30 тұжырымды бағалау арқылы қай салаға бейім екеніңізді анықтайсыз.
Мамандықтардың негізгі 5 типі:
Адам — Табиғат: тірі ағзалармен, өсімдіктермен және жануарлармен жұмыс істеуді ұнататындарға арналған.
Адам — Техника: механизмдерді құрастыру, жөндеу және басқаруға бейім жандардың саласы.
Адам — Белгі жүйесі: сандармен, мәтіндермен, кодтармен және сызбалармен жұмыс істеуді ұнататын, логикасы мықты адамдарға сай келеді.
Адам — Көркем бейне: шығармашылыққа, өнерге және эстетикаға жақын жандардың таңдауы.
Адам — Адам: оқыту, емдеу, басқару және адамдармен қарым-қатынас орнату қабілеті жоғары жандарға арналған.
Тест нәтижесінің мәні қандай?
Тест барысында сіз әр тұжырымға «Иә», «Жоқ» немесе «Білмеймін» деп жауап бересіз. Нәтижелер келесідей есептеледі:

  • «Иә, келісемін»: таңдалған санатқа балл қосады.
  • «Жоқ, келіспеймін»: санаттан балл шегереді.
  • «Білмеймін»: ұпайға әсер етпейді.

Егер бірнеше санат бойынша бірдей жоғары балл (ең көбі 8 ұпай) жинасаңыз, бұл сіздің жан-жақты екеніңізді және бірнеше бағытта бағыңызды сынай алатыныңызды білдіреді.
Дәстүрлі және Заманауи мамандықтар: қайсысын таңдайсыз?
Кәсіби бағдар беру саласындағы Е. А. Климов әдістемесі бойынша барлық мамандықтар бес негізгі типке бөлінетінін жоғарыда атап өттік. Бұл жіктеу адамның қызығушылығы мен қабілетіне қарай ең оңтайлы саланы таңдауға көмектеседі. Қазіргі еңбек нарығында әр типтің классикалық үлгілерімен қатар, технологияның дамуымен пайда болған мүлдем жаңа бағыттары қалыптасып үлгерді. Енді әрқайсысына толығырақ сипаттама берейік.

«Адам — Табиғат» типі тірі ағзалармен және биологиялық процестермен жұмыс істеуді көздейді. Бұл саладағы агроном, ветеринар, зоотехник, биолог, геолог, эколог, ландшафт дизайнері, флорист және орманшы сияқты дәстүрлі кәсіптер бүгінде жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі таңда бұл бағытта биоинженер, генетик, «ақылды» жылыжай операторы, урбанист-эколог, агрокибернетика маманы, микробиолог және вирусолог сияқты заманауи мамандарға сұраныс жоғары.

Техникалық құрылғыларды жасау мен басқаруға бейім жандар үшін «Адам — Техника» саласы қолайлы. Мұнда бұрыннан келе жатқан инженер, архитектор, автослесарь, электрик, құрылысшы, дәнекерлеуші, жүргізуші, ұшқыш және токарь мамандықтарының орнын біртіндеп робототехник, 3D-басып шығару инженері, «ақылды үй» жүйесінің әкімшісі, дрон (БПЛА) операторы, жаңартылатын энергия инженері және нанотехнолог сияқты жоғары технологиялық кәсіптер басып келеді.

Ақпаратпен және сандармен жұмыс істеуді қалайтындар «Адам — Белгі жүйесі» бағытын таңдайды. Бухгалтер, экономист, нотариус, аудармашы, корректор, картограф, кітапханашы және логист сияқты классикалық мамандықтардың қатарын бүгінде Data Scientist, бағдарламашы (Back-end/Front-end), БҚ тестілеуші, SEO-маман, интернет-маркетолог, қаржы аналитигі және брокер сияқты цифрлық бағыттар толықтырып отыр.

«Адам — Көркем бейне» саласы эстетика мен креативке негізделген. Бұл топқа жататын актер, музыкант, суретші, жазушы, журналист, зергер, фотограф, сәнгер және архитектор-реставратор мамандықтары уақыт өте келе графикалық және UX/UI-дизайнер, 3D-модельдеуші, геймдизайнер, блогер (контент-мейкер), копирайтер, видеойындар сценарисі және стилист сияқты жаңа форматтағы шығармашылық мамандықтарға ұласты.

Ал қоғаммен тікелей байланысқа негізделген тип — «Адам — Адам» типі. Мұндағы мұғалім, дәрігер, медбике, психолог, полиция қызметкері, заңгер, сатушы, даяшы және туризм менеджері секілді негізгі мамандықтармен қатар қазіргі нарықта HR-менеджер, Project-менеджер, SMM-менеджер, коуч, комьюнити-менеджер, клиенттерді қолдау маманы (Customer Success) және event-менеджер сияқты коммуникациялық кәсіптер алдыңғы қатарға шықты.
Қорыта айтқанда, әр жасөспірім мамандық таңдағанда өз болмысы мен қабілетіне зер салу керек. Е. А. Климов әдістемесі көрсеткендей, кей адам табиғатқа жақын болса, енді біріне сандар мен технологиялар әлемі қолайлы болады.
Қорыта айтқанда, әр жасөспірім мамандық таңдағанда өз болмысы мен қабілетіне зер салу керек. Е. А. Климов әдістемесі көрсеткендей, кей адам табиғатқа жақын болса, енді біріне сандар мен технологиялар әлемі қолайлы болады.
Заман ағымына сай мамандықтардың атауы мен сипаты өзгергенімен, олардың негізінде жатқан еңбек нысаны өзгеріссіз қалады. Сондықтан жас түлектер мен олардың ата-аналары үшін басты міндет — алдымен тұлғаның психологиялық типін анықтап, содан кейін ғана нарықтағы сұранысқа ие заманауи бағыттарды саралау.

Егер сіз де қай салаға бейім екеніңізді нақты білгіңіз келсе, Orkenlink платформасындағы «Мамандық типі» тестінен өтіп, кәсіби бағдарыңызды айқындаңыз. Есіңізде болсын, дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы табыс пен жан тыныштығының кепілі. Өз қабілетіңізге сеніп, ғылыми негізделген әдістерге сүйене отырып жасалған қадам сізді биік белестерге жетелейтіні анық.
Журналист: Құндызай Әмірбекқызы
Редактор: Зарина Қайратқызы
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)