Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

Мамандық таңдау: Мектеп профориентологының алтын уақытын Orkenlink платформасы арқылы қалай үнемдеуге болады?

Бүгінде мамандық таңдауға тек оқушы ғана жауапты болмайды, бұл — бүкіл мектеп жүйесінің алдында тұрған үлкен жауапкершілік. Алайда, іс жүзіне келгенде, мектеп профориентологтары көптеген кедергіге тап болады. Қағазбастылық пен жүйесіздік оқушының болашағына балта шабуы мүмкін. Orkenlink платформасы осы мәселелерді шешудің оңтайлы жолын ұсынады.
Мектеп профориентологының негізгі мәселелері
Кәсіби бағдар беруші маманның жұмысы сырттай қарағанда оңай көрінгенімен, оның астарында біраз қиындық жатыр:
  • Жүйелі тәсілдің жоқтығы: Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары көбіне ретсіз жүргізіледі. Бір басталады да, кейін аяқсыз қалады. Соның салдарынан оқушылар өздерінің табиғи қабілеті мен мықты жағын толық түсініп үлгермейді. Осылайша көп оқушы болашақ мамандығын еш талдамай, кездейсоқ таңдап жатады.
  • Әкімшілік жүктеменің тым жоғары болуы: Педагогтардың мойнына артылатын жұмыс аз емес. Қағазбастылық, ұйымдастыру секілді қосымша міндеттері бар. Мамандар оқушылардан тест алуға және оның нәтижелерін қолмен өңдеп, есептеуге тым көп уақыт жұмсайды. Салдарынан оқушылармен жеке жұмыс істеуге және сапалы кеңес беруге уақыт пен мүмкіндік жетпей жатады.
  • Деректерді жинау мен талдаудың күрделілігі: Профориентолог маманның қолында бүкіл мектептің немесе жекелеген сыныптардың қызығушылығы мен бейімі туралы толық мәлімет беретін тиімді құралдар жоқ. Деректердің шашыраңқы болғанынан, оқушылардың кәсіби бағыты да дұрыс анықталмайды. Сонымен қатар жиналған ақпаратты көрнекі әрі түсінікті аналитикалық есептерге айналдыру үшін мүмкіндік те тым аз.
  • Жұмысты жоспарлаудың қиындығы: Оқушыларды қызығушылығы мен қабілетіне қарай топтарға бөлу (сегментациялау) процесі де өте күрделі жүреді. Тиісті құралдар болмағандықтан, маманға әр баланың ерекшелігіне сай жеке консультациялар өткізу немесе бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру қиынға соғады. Сондықтан кәсіби бағдар беру жұмысы да дұрыс өнбейді.
1. Диагностика мен аналитиканы толық автоматтандыру
Orkenlink платформасы ұсынатын ең басты артықшылықтардың бірі - маман жұмысын жеңілдететін «Мектеп профориентологының кабинеті». Бұл функционалдың арқасында бұрын сағаттап, тіпті апталап уақыт алатын деректерді қолмен жинау және өңдеу сияқты рутиналық жұмыстарды ұмытасыз. Енді маман әрбір оқушының жауабын жеке тексеріп, нәтижелерді салыстырып отырмайды. Жүйе тестілеудің өту барысы мен оның қорытындылары туралы егжей-тегжейлі статистиканы нақты уақыт режимінде дайындап, маманның алдына дайын күйде шығарады.

Платформаның көмегімен профориентолог бүкіл мектеп бойынша жалпы деректі, нақты бір сыныптардың көрсеткіштерін немесе белгілі бір уақыт аралығындағы өзгерістер туралы ақпаратты бір батырманы басып ала алады. Бұл — басшылыққа есеп беру кезінде де, жұмыс стратегиясын құру кезінде де таптырмас құрал. Сонымен қатар кәсіби диагностиканың «алтын стандарты» саналатын Холланд, Климов, Голомшток сияқты бес негізгі әдістеменің нәтижелері күрделі, түсініксіз кестелердің орнына заманауи, көрнекі диаграммалар мен графиктер түрінде ұсынылады. Мұндай визуалды талдау әрбір оқушының тұлғалық ерекшелігі мен кәсіби бейімділігін бір қарағаннан-ақ дәл тануға мүмкіндік беріп, маманның аналитикалық қабілетін бірнеше есе арттырады.

Осы жүйе профориентологты қағазбастылықтан құтқарып, оның негізгі миссиясына — баламен тікелей жұмыс істеуге және сапалы кеңес беруге уақыт тауып береді.
2. Әр топпен жеке жұмыс істеуге арналған егжей-тегжейлі сараптама
Orkenlink платформасының тағы бір мүмкіндігі - оқушыларды өте дәлдікпен топтастыруға, яғни сегментациялауға арналған аналитикалық құралдары. Профориентолог бір тесттің нәтижесін негізге ала отырып, оқушылардың өзге салалардағы жасырын қабілеттерін салыстырмалы түрде көре алады. Бұған жай ғана статистика деп қарамау керек. Өйткені осылайша әр баланы жан-жақты зерттеуге болады. Мұндай тәсіл маманға жұмыстың сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Ең алдымен, бұл функционал қызығушылықтары ұқсас, бір бағыттағы оқушыларды топтастырып, арнайы кездесулер мен консультациялар өткізуге көмектеседі. Мысалы егер жүйе бір топ оқушының инженерлік салаға бейім екенін анықтаса, маман тек сол топқа бағытталған кездесу ұйымдастыра алады. Сонымен қатар платформа бүкіл параллель сыныптар үшін «кәсіби векторларды» анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, мектеп әкімшілігі мен профориентолог биылғы түлектердің басым бөлігі технологиялық, гуманитарлық немесе көркемөнер бағытына бейім екенін алдын ала біліп, соған сәйкес мектепшілік іс-шаралар мен бейіндік оқытуды ұйымдастыра алады. Осылайша жалпылама жұмыстың орнына нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүйесі қалыптасады.
3. Дамудың үздіксіз траекториясын қалыптастыру
Orkenlink платформасының тағы бір маңызды стратегиялық бағыты — оқушының мектеп табалдырығын аттаған сәтінен мамандық иесі атанғанға дейінгі жолын біртұтас жүйеге біріктіру. Бұл тәсіл маманға оқушыны «Кәсіби бағдар беру → Оқу орнын таңдау → Тағылымдама мен алғашқы қадамдар» тізбегі бойынша үзіліссіз жетелеуге мүмкіндік береді. Осылайша, профориентация тек тест тапсырумен шектелмей, баланың болашақ мансабына тікелей жол сілтейтін нақты бағдаршамға айналады.

Таңдау мүмкіндігін арттыру мақсатында платформа базасына 700-ден астам колледж бен 100-ден астам жоғары оқу орны туралы мәліметтер енгізілген. Бұл орасан зор деректер қоры маманға әрбір оқушының қабілетіне, грант мүмкіндіктеріне және қалаған бағытына сай келетін білім беру бағдарламаларын тез әрі сапалы іріктеп беруге көмектеседі. Енді оқу орнын іздеуге кететін уақыт қысқарып, шешім қабылдау процесі нақты деректерге негізделеді.

Бұл жүйенің ең құнды тетіктерінің бірі - әрбір оқушының жеке цифрлық портфолиосының жасалуы. Мұнда баланың барлық жетістігі, тест нәтижесі мен меңгерген дағдысы жүйелі түрде сақталып отырады. Цифрлық портфолио оқушының даму динамикасын бағалауға ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби тұрғыдан қалай қалыптасып жатқанын кез келген уақытта көруге мүмкіндік беретін құжатқа айналады. Осының арқасында мектеп бітіруші түлек мүмкіндігін нақты білетін, нық сенімді маман ретінде қалыптасады.
4. Кешенді қолдау және техникалық сүйемелдеу құралдары
Orkenlink тек технологиялық өнімді ұсынып қана қоймай, оның мектеп ішінде тиімді жұмыс істеуіне толық кепілдік береді. Мектептерге арналған арнайы «Мектеп пакеті» аясында білім беру мекемесі толықтай техникалық қолдауға ие болады. Бұл пакетке жүйенің үздіксіз жұмысын бақылау, маманға кеңес беру және платформаның мүмкіндіктерін арттыратын тұрақты жаңартулар кіреді. Демек, мектеп әкімшілігі мен профориентолог техникалық мәселелерге алаңдамай, бар назарын оқушылармен сапалы жұмыс істеуге аудара алады.
Болашаққа бастар цифрлық көпір
Қорыта айтқанда, Orkenlink мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысын ескірген қағаз есептерінен арылтып, оны жаңа заман талабына сай цифрлық экожүйеге айналдырады. Платформаны енгізу арқылы мектеп екі есе пайда көреді: біріншіден, педагогтың алтын уақытын үнемдеп, оны рутинадан босатады; екіншіден, түлектердің мамандық таңдауда қателеспей, оқуға сәтті түсуіне жағдай жасайды.
Түлектердің жетістігі - мектептің абыройы мен имиджінің басты көрсеткіші. Сондықтан мамандық таңдау процесін Orkenlink-пен бірге жеңілдетуге шақырамыз!
Журналист: Құндызай Әмірбекқызы
Редактор: Зарина Қайратқызы
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)