Бала мамандық таңдағанда, бұған тек диплом алу деп қарамау керек. Бұл кезең - оның өмір жолын анықтайтын уақыт. Осы процесте ата-ана балаға бағыт-бағдар беріп, өте маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Алайда кейбірі қалай қолдап, қалай жол сілтеу керегін білмей жатады. Orkenlink Media жасөспірімдер мен ата-аналарға арнап, келешекте өз ісін табуға қалай көмектесу керегін, осы ретте қандай қателік жасамауы жайлы және
тесттердің қандай пайдасы бары туралы мақала әзірледі.
Мамандық таңдау — жасөспірім үшін үлкен жауапкершілік әрі стресс. Ата-ананың басты міндеті - шешім қабылдап беру емес, таңдау жасауға жағдай жасау.