Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

Ыдыс-аяқты барабан етіп ойнаған 6 жасар Әли желі жұлдызы атанды

Әлеуметтік желіде ыдыс-аяқты барабан етіп, музыканы мүлтіксіз орындаған Әли есімді балақай бірнеше күн ішінде танымал болды. «Осы видео 20 мың лайк жинаса, әкесі электронды барабан алып береді» деген бейнежазбаны милионнан аса адам қараған. Ата-анасы уәдесінде тұрып, балаға барабан сатып алып береді. Әли музыкалық аспапта әнші Сырым Исабаевтың «Сол бір сезім» әнін орындайды. Бұл бейнежазба қазіргі таңда 5 милионнан аса қаралым жинап жатыр. Балақайдың өнеріне тәнті болған оқырман жылы лебізін жаудырып жатыр. Ал республикалық телеарналар шымкенттік кішкентай өнерпазды эфирге қонақ етіп шақыруда. Аз күнде желі жұлдызына айналған Әли Әбсейіттің анасымен Orkenlink Media тілшісі сұхбаттасты.
Ата-анасы Әлидің музыкаға қызығушылығын 1,5−2 жасынан байқаған. 
— Мультфильмнің немесе кез келген ұнатып қалған әуенін естігенде, үстелді ұра бастайтын. Ритмге тура түсіп жатқан соң, «Музыканы есту қабілетін қарасаңызшы» деп әкесіне видеоға түсіріп жібергенмін, — дейді анасы Шынар Нұрмаханбетқызы.
Анасының айтуынша, әлеуметтік желіде өнерімен танымал болған Әлиге ұсыныстар түсіп жатыр. Алда үлкен сахналарға шықса екен деген арманы да бар. Бұдан бөлек, баланың басқа қырын да ашқысы келеді.
— ⁠Әлиді музыкадан бөлек робототехникаға бергіміз келеді. Себебі Әли конструктордың түстерін ажыратып, жақсы құрастырады. «Анашым, қарашы. Робот құрастырдым, танк жасадым», — деп көрсетеді. Құрастырған дүниелері әдемі шығады, — дейді анасы.
Әли — отбасындағы тұңғыш бала. Өзінен кейін екі інісі бар.
— Екінші ұлым Муслим суретті әдемі бояйды. Есінде жақсы сақтайды: тақпақтарды тез жаттап алады. Енді бокс үйірмесіне барғысы келіп жүр. Кішкентай ұлым Нарұл Әлидің ізін басып келе жатыр десем болады. Себебі ол ағасы кішкентай кезінде не істесе, қазір соны істеп жүр. Ән қосылса болды, тұра қалып билейді. Әлидің барабанымен мен ойнаймын деп бермей, ұрып отырады. Оның да бойынан музыкаға деген қызығушылығы байқалады, — дейді Шынар.
Үш ұлдың анасының айтуынша, баланың қабілетін байқау жас таңдамайды. Баламды қалай дамытсам екен, неге қызығады екен деп, баланың ойымен санасу керек. Кішкентай кезінен үнемі мақтап, әр жетістігін қолдап отырған жөн. Балаға ата-ананың  алып берген ойыншығы, тәттісі емес, сүйіспеншілігі мен сабырлығы қажет. 
— Баланың ойын дамыту үшін алдымен неге қызығатынын байқаңыздар. Доп, қуыршақ, көлік секілді ойыншықтардың қайсысымен жиі ойнайтынына да зер салған абзал. Кейін сол ойыншықтармен сюжеттік ойын ойнау керек, — дейді Әлидің анасы.
Әр баласының қабілетін байқап, ерекше махаббатпен тәрбиелеп отырған ата-ананың да бала күнгі арманын сұрап көрдік.
— Мен бала кезімде гимнастика, балетке қатты қатысқым келген. Алайда ауылда мұндай үйірме жоқ еді. Қалаға келіп қатысуға да мүмкіндік болмады. Кейін өсе келе дәрігер болғым келді. Бірақ бұл мамандыққа оқуға түсе алмай, дефектолог атандым. Мамандығым өзіме ұнайды. Әр баланы анық сөйлетіп, нәтиже шыққан сайын қатты қуанамын. Ал жолдасым актер болғысы келген.
Өнерге деген махаббаты ерекше ⁠Әлиді ата-анасы алдағы уақытта байқауларға қатыстырғысы келетінін жеткізді.
Жас музыкантқа сәттілік тілейміз!
Құндызай Әмірбекқызы
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)