Иә, менің сіңлілерім де өнерден кенде емес: олар фортепиано, қобыз, жетіген, домбыра, гитара және барабандарда ойнайды. Көптеген конкурстың лауреаты атанды. Бірақ олар бұл салада кәсіби тұрғыда жұмыс істемейді, басқа мамандықтарды таңдады. Ал мен болсам, музыкалық білімімді әрі қарай жалғастырып, осы сала бойынша бакалавр мен магистратура оқып шықтым.