Данияр Жігітбек: «Кітап оқитындар әлеуметтік желілерде отыратындарды басқарады»
БАҚ зерттеуіне сүйенсек, әлемде кітапты белсенді түрде оқитындар – 18−35 жас аралығындағы әйелдер. Одан кейінгі кезекте сол жастағы ерлер тұр. 18 жастан кіші жасөспірімдер мен жеткіншектер кітап оқу белсенділігі бойынша үшінші орынға жайғасқан.
Қарқынды цифрланып жатқан заманда жастарды кітап оқуға баулып жүргендердің бірі әрі бірегейі – Данияр Жігітбек. Ол үш жыл бұрын Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз деген миссиямен «Ауылға кітап» жобасын бастады. Сондай-ақ Kitapal Club атты елдегі ең ауқымды оқырман қауымдастығын құрды. Осы миссия төңірегінде Kitapal подкастын да жүргізеді. Жас оқырманымызға Данияр тайм-менеджмент, дисциплина, кітап оқу және өтпелі кезең туралы оңай әрі пайдалы кеңестерін бөліседі.
МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗСЫЗ ІСІН АЖЫРАТА АЛҒАН АДАМ БӘРІНЕ ҮЛГЕРЕДІ
– Сіздің миссияңыз — өмір сүру өнерін үйрену һәм үйрету. Ісіңізді үлгі етіп, ізіңізден келе жатқан жастар аз емес. Қазіргі Данияр қалай қалыптасты?
– Ата-анам дамуыма барлық жағдайды жасады. Тек оқумен, дамумен айналысуым үшін керектің бәрін берді. Сол үшін оларға айтар алғысым көп. Ұстаздарым болмаса, бұл деңгейге жетпейтін едім. «Шәкірт дайын болғанда, ұстаз өзі келеді» дейді ғой. Жақсы шәкірт бола алдым деп үміттенемін.
– Кітап дүкеніңіз бар, спортпен айналысасыз, отбасыңыз бар, т.б. жұмыстарыңыз жетерлік. Күніңізді қалай жоспарлайсыз? Болашаққа жоспар құрасыз ба?
– Тайм-менеджмент – маңызды істер мен маңызды емес істерді ажырату өнері. Екеуін ажырата алған адам бәріне үлгереді. Егер ісін бітіре алмай, үлгермей жүрген адамды көрсеңіз, біліңіз, ол әлі маңызды һәм маңызсыз жұмысын шатастырып жүр. Мен өзім үшін не маңызды, не маңызды емес екенін білемін. Сол маңызды істерімді бірінші кезекке қоямын. Соны істеймін. Болды. Болашаққа жоспар құрғаннан гөрі болашақ бағытымды анықтағанды жөн көремін. Сол бағытқа қарай жүрген жолда не істеуім, не істемеуім керек – өзі-ақ белгілі болады.
– Дисциплинаны нығайтуға 5 кеңес айтыңызшы?
– Неғұрлым мақсатың бұрыс болса, соғұрлым дисциплинаны көбірек қажет етесің. Керісінше, неғұрлым мақсатың дұрыс болса, соғұрлым дисциплинаны азырақ қажет етесің.
Мақсатыңызды дұрыстаңыз дер едім. Дұрыс мақсат – сені жандыратын мақсат. Ал мақсат сені жандыруы үшін ол сенің құндылықтарыңа сәйкес болуы керек, нәтижесін көріп тұруың керек және сол мақсатқа апаратын процесс саған қызық, ұнамды болуы керек.
ЖАСӨСПІРІМДЕР СЫНАҚТАН ҚАЛАЙ СТРЕССІЗ ӨТЕ АЛАДЫ?
– Өтпелі кезең деген өткел бар. Сол кезде кей оқушылар өзін ешкім түсінбейтіндей күй кешеді. Жеткіншектер мен жасөспірімдер өмірін жақсартатын кішкентай қадамды қалай, неден бастаса болады?
– Иә, бұл – күрделі кезең. Бұл кезеңде физикалық тұрғыдан адамның денесі өте жылдам өскендіктен, бұл процесс жүйке жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Сол үшін бұл жаста оқушылар тез шаршағыш, көңіл күйі құбылмалы болады. Сөз көтере алмай қалады. Өкінішке қарай бұны оқушыларға ешкім түсіндірмейді. Менің кеңесім: оқушылар өздері интернетті ақтарып, ағзасында болып жатқан өзгерістер, өтпелі кезең ерекшеліктері жайлы білім алып, ізденгені дұрыс.
– Сонымен қатар мектеп қабырғасындағы емтихан, ҰБТ секілді сынақтар да жауапкершілікті талап етеді. Бірі шындап дайындалса, енді бірі селқос қарайды. Осы тұрғыда қандай кеңес айтасыз? Білім сынақтарына қалай стрессіз дайындалса болады?
— Топ болып жиналып, дайындалса, стресс азырақ болады. Көңілді, қолдаушы атмосфера жасаңыздар дер едім. Шай-пай ішіп, әркім білгенін бөліссе, бұл сынақтардың ауыртпалығын сезбей өтер еді.
«ҚАЗІРГІ ЖАСТАР БҰЗЫЛЫП БАРА ЖАТЫР»
– Жастармен көп, жиі жұмыс атқарасыз. Не байқайсыз?
– Өзімнің жастау кезімді, айналамды еске аламын. Қазіргі жастар біздің жас кезімізден мықтырақ, саналырақ дер едім.
Кезінде Аристотельдің заманында «Қазіргі жастар бұзылып бара жатыр» деген сөздер айтылған. Одан бері 2000 жылдан аса уақыт өтті. Егер бұл шынымен солай болса, онда біз қазір ең бұзылған қоғамда өмір сүріп жататын едік қой. Аға буынға жас буын үнемі «бұзылып бара жатқандай» көріне беретін сияқты.
– Балаларыңыз өсіп келеді. Болашағы үшін жасап жатқан әрекеттеріңіз туралы айтыңызшы? “Әр ата-ана міндетті түрде осыны істеу керек” дейтіндей кеңесіңіз бар ма?
– Оларға оқуы және дамуы үшін бар жағдайды жасап жатырмын. Олар баспана, тамақ, киімді уайым қылмаса, зейінін дамуға толық арнай алады деп сенемін. Жеке меншік мектепке беремін, үйірмелерге апарамын, бірге уақыт өткіземін. Саяхатқа шығып тұрамыз.
МАҚСАТЫҢА ҚАЛАЙ ФОКУС ҚОЮ КЕРЕК?
– Нәрікбимен сұхбатыңызда фокус қою, мақсатқа жету туралы айтып едіңіз. Біздің жас оқырманымызға да осы жайлы ашып айтып беріңізші?
— Alatau City — масштабный проект «умного города» с международными партнёрами, который будет финансово-деловым хабом, снижая нагрузку на Алматы. Astana Hub больше ориентирован на поддержку стартапов и развитие талантов. Они дополняют друг друга: Hub создаёт экосистему, City — инфраструктуру.
F: Стартапы из Казахстана, например, CodiPlay и Citix, получают масштабные инвестиции. В чём секрет их успеха?
Әлеуметтік желілердің кең тараған заманында адамдардың фокус қою қабілеті әлсіреп кетті. WhatsApp-қа кіріп, не үшін кіргенін ұмытып кететін болған. Бірнәрсе ойлап тұрады да, соны сол сәтте-ақ есінен шығарып алады. Адамдардың есте сақтау қабілеті төмендеді.
«Болашақта кітап оқитындар әлеуметтік желілерде отыратындарды басқарады» деген сөз бар. Мұның мәні: мақсатына, ісіне фокус қоя алатын адамдар фокус қоя алмайтын адамдарды басқарады, олардан үстем болады. Кітап оқуға фокус қоя алатын адамдар — шын мықты адамдар.
– Жеткіншектер мен жасөспірімдерге қандай фильм және кітапты ұсынасыз?
«3 идиота» деген киноны ұсынамын. Кітап ретінде менің «Лайфхактар» кітабым көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
– Балаларыңызбен көріп, әсерленген фильм қандай?
Балаларым кішкентай. Бірге фильм көрмедік әлі.
МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗСЫЗ ІСІН АЖЫРАТА АЛҒАН АДАМ БӘРІНЕ ҮЛГЕРЕДІ
– Егер 12−18 жасқа қайта баратын мүмкіндік туса, не істер едіңіз және не істемейтін едіңіз?
– Спорт: Джиу-джитсу күрес түрімен тұрақты айналысуды бастайтын едім. 10, 20, 30 жылымды бір спорт түріне арнап, сол істе шебер болуды мақсат ететін едім. Қазір 34 жастамын. 22 жыл джиу-джитсумен тұрақты айналысқан адамның шебер болмауы мүмкін емес қой.
Өнер: Домбыра тартуды үйрене бастайтын едім. 10, 20, 30 жылымды бір өнер түріне арнап, сол істе шебер болуды мақсат ететін едім. Қазір 34 жастамын. 22 жыл домбырамен тұрақты айналысқан адамның шебер болмауы мүмкін емес қой.
Уақытымды ұрлайтын нәрселерді істемейтін едім. Пайдасыз істе шебер болу деген аса ұнамды емес қой. Мысалы, қазір 34 жастамын, «22 жыл әлеуметтік желіде тұрақты уақыт өткізіп, қазір соның шеберімін» десем, біртүрлі ғой.
– Жаңа жыл жақындап келеді. Алға қандай жоспар қойдыңыз? Оқырманға айтар жаңалығыңыз бар ма?
– Жоспарларымды жариялауды құп көрмеймін. Бірақ дәстүрге айналған жобаларым бар. Мысалы, «1 жылда – 50 кітап» деген кітап оқу жобасы 2026 жылы да жалғасын табады. Айтпақшы, оқушылар да қатыса алады.
Құрметті жас дос! Сені Orken link платформасын оқуға шақырамыз! Біздің сайтта жарияланатын жеткіншектер мен жасөспірімдерге мотивация беретін сұхбаттар мен қызық мақалалардан қапы қалма. Мамандық таңдаудан қиналып жүрсең, бізге хабарлас!
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар