Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН 5 ҮЗДІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА МЕН БАҒДАРЛАМА

Халықаралық тәжірибе жинап, резюмеңді күшейтіп, мансабыңды университет қабырғасында жүріп-ақ бастағың келе ме?

ORKENLINK 2026 жылы студенттерге арналған ең өзекті ұсыныстарды, яғни ғылымнан бастап, көшбасшылыққа, саясаттан бастап, мәдениет пен тұрақты даму бағыттарына дейінгі мүмкіндіктерді бір тізімге жинақтады.
Бұл бағдарламалар арқылы халықаралық білімге, стипендиялар мен қаржылай қолдауға қол жеткізесіз. Тағылымдамадан өтсеңіз, мансапта түрлі мүмкіндік пайда болады. Жаһандық ортаға бейімделіп, кәсіби байланыс орнатуға жол ашылады.
⭐ 1. Stipendium Hungaricum – Венгрияда оқу үшін мемлекеттік стипендия
Ұйымдастырушылар: Қазақстан және Венгрия Білім министрліктері. Қазақстандық студенттерге арналған 250 грант.

Грант нені қамтиды:
✔ оқу ақысы;
✔ ай сайынғы стипендия;
✔ жатақхана немесе жалдамалы пәтерге өтемақы (~40 000 HUF);
✔ медициналық сақтандыру.

Маңызды шарттар:
  • 2008 жылы 31 тамыздан кейін туған жастар қатыса алмайды (хореографиядан басқа);
  • Бакалавриат және магистратура студенттері бірінші оқу жылының соңында венгр тілінен емтихан тапсырады.

📍 Ел: Венгрия
📅 Мерзімі: 2026−2027 оқу жылы
Дедлайн: 15 қаңтар 2026 жыл
⭐ 2. Erasmus Mundus MESPOM – тұрақты даму бойынша элиталы магистратура
Ұйымдастырушылар: Central European University (Австрия) + Lund University (Швеция) + University of Manchester (Ұлыбритания) + University of the Aegean (Греция)

Экология, саясат, басқару және тұрақты даму бағытындағы әлемдегі ең беделді магистратуралардың бірі.

Бағдарлама нені қамтиды:
✔ оқу ақысы;
✔ тұрғылықты орын;
✔ виза;
✔ ұшақ билеттері.

Талаптар:
  • экология, саясат, басқару немесе ұқсас сала бойынша бакалавр;
  • GPA 3.5+;
  • толықтай ағылшын тілінде оқу.

Бағдарламаны аяқтағандардың БҰҰ, ЕО және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

📍 Ел: Австрия → Швеция → Ұлыбритания → Греция
📅 Мерзімі: 2026 жылдың күзі — 2028 жылдың көктемі
Дедлайн: 7 қаңтар 2026 жыл
⭐ 3. Hansen Summer Institute – АҚШ-тағы лидерлік жазғы мектеп
Ұйымдастырушы: University of San Diego
Толықтай қаржыландырылатын үш апталық халықаралық лидер бағдарламасы. IELTS/TOEFL талап етілмейді, ағылшын деңгейін растайтын ұсыныс хат жеткілікті.

Бағыттар:
✔ көшбасшылық бағыт;
✔ халықаралық ынтымақтастық;
✔ қоғамдық дипломатия;
✔ медиаторлық және бітімгерлік;
✔ мәдениаралық коммуникация.

Бағдарлама нені қамтиды:
✈ ұшу;
🏨 тұрғылықты орын;
🍽 тамақтану;
🎓 оқу;
📄 виза.

Студенттер барлық мамандық бойынша қатыса алады.

📍 Ел: Сан-Диего, Калифорния
📅 Мерзімі: 1–22 шілде 2026 жыл
Дедлайн: 15 қаңтар 2026 жыл
⭐ 4. ECOSOC Youth Forum – участие в работе ООН в Нью-Йорке
Ұйымдастырушы: Біріккен Ұлттар Ұйымы

Жастарға арналған жаһандық форум, мұнда қатысушылар:
  • адам құқықтары;
  • білім;
  • тұрақты даму;
  • әлеуметтік және экономикалық саясат;
  • экология мәселелері туралы маңызды талқылауларға қатысады.

2025 жылы ECOJER ұйымы ECOSOC жанындағы арнайы консультативті статус алды. Осылайша қазақстандық қатысушылардың БҰҰ сессияларына қатысу мүмкіндігі артты.

📍 Ел: БҰҰ штаб-пәтері, Нью-Йорк
📅 Мерзімі: 14−16 сәуір 2026 жыл
Дедлайн: елге және аккредитацияға байланысты
5. Конфуций институтының стипендиялары — Қытайда оқу
Ұйымдастырушы: Confucius Institute Headquarters (ҚХР)

Қытай тілін және мәдениетін үйренуге арналған толықтай қаржыландырылатын бағдарлама.

Форматтар:
📌 11 айлық оқу;
📌 5 айлық семестрлік бағдарлама;
📌 4 апталық қысқы/жазғы мектептер.

Талаптар:
  • 16−35 жас;
  • ҚХР азаматтығы болмауы;
  • HSK3: кемінде 180 балл (жазбаша), 60+ (ауызша);
  • Шетелдегі медициналық тексеріс.

📍 Ел: Қытайдың 150+ университеті.
Дедлайн: жыл бойы.
📌 Неліктен қатысып көру керек?
Барлық бағдарламалар:
✔ халықаралық тәжірибе береді;
✔ кәсіби байланыс орнатады;
✔ нақты дағдыларды дамытады;
✔ резюме мен портфолионы күшейтеді.

Бұлар — мансапты түбегейлі өзгерте алатын мүмкіндіктер. ORKENLINK жастарға саналы, мәнді және ұтымды бағыт таңдауға көмектесу үшін пайдалы мүмкіндіктер ұсынуды жалғастырады.
ҚОСЫМША МҮМКІНДІК
БҰҰ Еріктілер бағдарламасы (UNV) 2025–26

Ұйым: Біріккен Ұлттар Ұйымы

UNV бағдарламасы әлем елдерінен қатысушыларды даму, гуманитарлық және тұрақты жобаларға тартуға мүмкіндік береді.

Форматтар:
  • халықаралық еріктілер;
  • ұлттық еріктілер;
  • онлайн-еріктілер.

Бағдарлама нені қамтиды:
✔ тұру;
✔ көшу шығындары;
✔ медициналық сақтандыру;
✔ ай сайынғы жәрдемақы.

📅 Мерзімі: жыл бойы
📍 Ел: әлемнің кез келген елі.
Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)