Реклама
Курс для молодежи 12–18 лет
Я – предприниматель
News & Trends
Education
Career
Community
talks
News & Trends
Education
Career
Community
talks

7 баланың анасы, кәсіпкер Айнагүл Хамитова: «Жастарды бақыламай, жол сілтеу керек»

— Сіз баспахана, көшбасшылық мектептері, балабақшалар сынды көптеген жобамен айналысасыз және ең бастысы  жеті баланы тәрбиелеп отырсыз. Сонымен қатар «келін» деген статусты әдемі көтеріп жүрсіз. Ата-аналарыңыз, жұбайыңыз бар. Бәріне қалай уақыт бөлесіз? Қайдан шабыт аласыз?
— Бұл — маған ең жиі қойылатын сұрақ. Қазіргі уақытта бизнес тұрғысынан шамамен 12 жобаның басы-қасында жүрмін. Сондай-ақ балаларға, ата-анамызға, отбасыма және туыстарға көңіл бөлуім керек. Салтымыз, санамыз сондай болғандықтан, мұның бәрін қатар алып жүруге міндеттіміз.

Мысалы, менің 38 немере ағам бар. Менің күйеуім — отбасындағы ең үлкен немере, ал әкеміздің он ағасы мен әпкесі бар. Туыстарымыз көп әрі олардың бәрі - біз үшін өте қымбат жандар.

Шынымды айтсам, менде нақты формула немесе арнайы дайын жауап жоқ. Менің ойымша, әркім әрқалай өмір сүреді. Мәселен, үй шаруасын болсын, басқа іс болсын, бәрін өте тез істеймін. Бәлкім осы қасиетім көп нәрсеге үлгеруге оң әсер етуі мүмкін. 

Айнагуль Хамитова про OrkenLink.kz: подростки, образование и выбор профессии
Жаңа заман балаларын қалай тәрбиелейміз?
— Z және Альфа буыны, яғни қазіргі жасөспірімдердің өмір сүріп жатқпн ортасы жайлы. Бірақ олардың болашағы қалай болары белгісіз. Мектеп оқулықтары жаңарғанша кей мамандықтар қажетсіз болып, су жаңа мамандықтар орнын басып жатыр. Былай алып қарасақ, біз балаларға керек емес нәрсені үйретіп жатуымыз да мүмкін. Осындай тұрақсыз әлемде OrkenLink-тің орны қандай?
— OrkenLink те біздің басқа жобаларымыз сияқты аса қажет болғандықтан өмірге келді. Мысалы, кітап шығарып жүріп, мейірім, әділдік, тапқырлық, адамгершілік секілді ең басты әрі мәңгілік құндылықтарды дәріптейтін әдебиет іс жүзінде жоқ екенін байқадық. Біз копирайтерлермен, редакторлармен бірлесе отырып, мыңнан аса ертегіні ертегіні сүзгіден өткізіп, оқып шықтық. Бес жылға созылған жоба аясында мыңның ішінен іріктелгендерін аудардық және мағынасына мән қостық. Осылайша 250 халық ертегісін жарыққа шығардық.

Бала тәрбиесі тақырыбында ата-аналар, мұғалімдер және отбасы үшін пайдалы және мағыналы ақпарат берейік деген идея туды. Өйткені балалар әрқашан адам болып қалу керегін үйренуі керек деп санаймыз.

Біз қазір цифрлы дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Болашақта бәрі автоматтандырылған және бәрін робот дайындайтын ортада өмір сүруіміз мүмкін. Алайда адамның ішкі жан дүниесін қалай сақтайтынымыз мәселе болып тұр. Сондықтан осы ертегілерді жарыққа шығардық.

Бұл 250 ертегі балаларға, отбасыларға және мұғалімдерге әлеммен танысуға мүмкіндік береді. Бұл расымен де әлем халқының ертегілері. Бала шығарманы оқып отырып: “Міне, чех ертегісі, міне, моңғол ертегісі. Енді бұл елдер қайда орналасқан? Мәдениеті мен халқы қандай?” - деген сұрақтарға жауап іздейді. Осылайша олардың көңіл көкжиегі кеңейіп, ойлау қабілеті артады.

OrkenLink қалай пайда болды?
— OrkenLink те осыған ұқсас жолмен пайда болды. Әкесі екеуіміз үлкен және ортаншы тетелес балаларымыздың 15−16 жасқа, яғни өтпелі кезеңге қадам басқанын байқадық. Осы уақытта өзіме «Мен кіммін және не істегім келеді» деген сұрақ қойдым.

Үлкен балаларымыз о бастан есейіп кеткен тәрізді. 90-шы жылдардағы балалар болғандықтан да шығар, бәлкім. Өйткені, жатақханаларда немесе пәтер жалдап тұратын жас отбасылар мен студенттер үшін қиын кезең болды. Балалар сол кезде шынымен де өзімен-өзі болды. Үлкен ұлымыз бен қызымыз жақсы оқыды, өз бетінше сабаққа баратын.

Ортаншы және кішілеріміз — 2000 жылдардың балалары. Біз олармен дастархан басында болашақ туралы, мамандық таңдау жайлы әңгімелесетінбіз. Әлемнің қалай өзгеріп кеткенін осыдан байқадық.

Біз үлкен балалармен кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысқан кезде, ортаншы балаларымыз ұзақ уақыт бойы кім боларын білмей жүрді. Олар: «Үлкендер бұрыннан дайын болған сияқты, ал біз әлі өзімізді таба алмай жүрміз», — дейтін. Мен сол кезде оларға қазір заман басқаша екенін, таңдау көп екенін айтатынмын. Үлкендеріміз өсіп келе жатқанда, елде де, шетелде де мүмкіндік көп болмады. Біз осы шектеулі таңдау аясында шешім қабылдадық. Бүгінгі заман балалары интернет, Instagram, TikTok секілді әлеуметтік желілері бар, көптеген ақпаратқа қол жеткізе алады, мүмкіндік көп. Алайда біз мамандық таңдау жайлы тым кеш ойлана бастағанымызды түсіндік, тіпті 1−2 жыл дайындықтың өзі аздық етеді. Негізі, мамандықты таңдауды асықпай саралап, жан-жақты байқап көруге болады.
Жауапкершілік мектептен басталады
— Сіздің ойыңызша, бұған қай кезден бастап назар аудару керек?
— Менің ойымша, 6 немесе 7-сыныптан бастап дайындалу керек. Оны қалай аңғардым дейсіз ғой? Кәсіпкер әрі қаржыгер болғандықтан жасөспірімдерге кәсіпкерлікті үйрету бойынша курсты жүргізуге шақырды. Мұнымен айналысатын ешкім болмаған. Жобаны бір ай қолдайын деп ниеттендім, бірақ бір жылдан аса ерікті түрде осы курсты жүргізіппін. Содан кәдімгідей қызығушылығым оянды. Оқушылардың сабақ үлгірімі жақсара бастағанын көрдім. Негізі сабақты жақсы оқудың еш қиындығы жоқ. «Бестік» баға алудың нақты жүйесі бар. Мен өзім де үздік оқыдым және мұның қалай іске асатынын білетінмін.
Ең алдымен, сіз күн сайын үй тапсырмасын орындауыңыз керек. Маған ұнайтыны — мектепте нақты жүйе бар. Яғни кішкентай қадамдардан тұратын жүйе. Шынында, бізде оқушыларға үй тапсырмасын көп бермейді. Бірінші лайфхак: үйге келген соң, үй тапсырмасын бірден орындаңыз. Болды. Боссыз.
Мен өзім ауылда өстім. Үйде атқаратын жұмыс көп еді: көмір, су таситын едік, малға қарап, қой бақтық. Айтпақшы, қой баққан күшті еді. Өйткені сол кезде кітап оқып алатынбыз, ал үйдің шаруасы бітпейтін. Осындай қулығымыз бар еді.
Екінші лайфхак: егер сіз мектепте «үшке» не «төртке» оқысаңыз, бірақ «бес» деген баға алғыңыз келсе, мұғалімге барыңыз. Яғни, педагогпен сөйлесе алуыңыз керек. «Апай, мен „беске“ оқығым келеді»,-деңіз. Ешбір ересек мұғалім: «Қолыңнан келмейді, талпынба»,-деп бетіңізден қақпайтынына сенімдімін. Керісінше, бірден қызығушылық танытады. Үндемейтін оқушы болсаңыз да, сыныптағы 25 баланың ішінен сізге назар аударып, не істеу керегін айтады. Қосымша тапсырмалар сұраңыз. Өз бетіңше іздену — жетістік кілті.
Бала мен ата-ананың рөлі
— Бала үй тапсырмасын өзі орындауға тиіс. Бұл — олардың міндеті. Ата-анадан көмек сұраса болады, бірақ әдетке айналмауы керек. Бала мектеп бітіреді, университетке оқуға түседі. Ал ата-ана баласымен бірге үнемі жүрмейді ғой. Содан кейін ересек өмір басталады. Бала кішкентай кезінен жауапкершілікті аз-аздан үйренсе, кейін өзіне оңай болады.
Білім беру, технология және болашақ
— Бүгінде жасөспірімдер классикалық білім беруден гөрі цифрлық дағдылар мен практикалық тәжірибені көбірек бағалайды. Бұл туралы не айтасыз?
— Сан жылдан бері классикалық білімнің оң тұсын көріп келеміз. Ұлы классиктерді оқуымыз бекер емес. Өйткені білім негізі солардан басталады. Бірақ бүгінде білімнің — университет, еңбек нарығы, отбасы, балалар және жұмыс берушілер арасындағы көпір болуы маңызды.

Цифрланған дәуірде мамандықтар 5−10 жыл ішінде ескіруі мүмкін. Сондықтан баланы заманға ілесе алатындай оқытуымыз керек. Сол себепті OrkenLink-те білім беру саласындағы кейінгі жаңалықтарды жинақтағымыз келеді.

Біз Қазақстан университеттерін бір платформаға жинақтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша оқушылардың дәрістерге, кеңестерге және тағылымдамаларға қолы жетер еді. Бірнеше мамандықты қамтитын IT сияқты күрделі салаларды ашып көрсеткіміз келеді.

OrkenLink жасөспірімдерді тәлімгерлермен және профориентаторлармен байланыстырса, ал студенттерді тағылымдамадан өтушілер іздейтін жұмыс берушілермен және компаниялармен тоғыстырар еді.
Реформалар, жасанды интеллект және ата-ана міндеті

— Мен кез келген өзгерісті оң бағалаймын. Керісінше, ештеңе өзгермесе, әлдеқайда қорқынышты. Біз қаласақ та, қаламасақ та, жасанды интеллект өмірімізге еніп кетті. Білім саласының да бұған бейімделе бастағаны қуантады.

Біз, ата-аналар, білім мен абыройға барымызды салдық. Google және GPT-дің айтары көп. Бірақ ата-ана үлгі көрсету арқылы рөлін айқындай алады. Егер анасы үнемі телефон ұстап отырса, бала да көргенін істейді. Белгілі бір жасқа дейін ата-ана мен ата-әже бала өміріндегі ең маңызды адамдар болмақ. Сондықтан 10−11 жасқа дейін балалардың бойына кітап оқу, әңгімелесу, ойлау мәдениеті сынды дұрыс, шығармашылық әдеттерді барынша сіңіру маңызды.

Цифрлы орта толыса беретіні сөзсіз. Дегенмен немен толатыны сұрақ тудырады. Сол себепті үкімет, бизнес, кәсіпкерлер балаларға арналған жоғары сапалы және қауіпсіз контент жасауға тиіс.
Әмбебап аналар
— Мен қазақстандық әйелдердің қарым-қабілетіне қатты сенемін. Демографиялық өсім — әйелдердің орасан зор еңбегі мен өзін құрбан еткенінің нәтижесі. Ана атану — физикалық та, эмоционалдық та және әлеуметтік тұрғыдан да ауыр жүк.

Бүгінде көптеген қыз-келіншек бала өсіріп отырып, кәсібін тастамай өсуде, онлайн-бизнеспен де айналысады. Біз мұны ел-жұртқа күшті көріну үшін емес, балаларымыздың болашағын ойлағаннан істейміз. Бұл махаббат шығармашылықпен айналысуға, армандауға және түрлі жобалар жасауға күш береді. Қазақ мәдениетінде әрдайым «Жеті ата» деген түсінік кездеседі: онда уақыт көкжиегі жылдармен емес, ғасырлармен өлшенеді.
20 жылдан кейінгі Қазақстан
— 20 жылдан кейін менің балаларым ересек болады. Үлкенім 50 жасқа толады, ол қазірдің өзінде арқа сүйей алатын сенімді адам. Мен балаларымызға ел болашағын сеніп тапсырар едім.

Бізде жыл сайын сәбилер дүниеге келіп жатыр. Еліміз — жас, амбициясы мықты. Мен балалармен көп жұмыс істеймін және олардың болашағы жарқын, сенімді ұрпақ екенін байқаймын.

Мен 70 жасқа толғанда, ешқайда кеткім келмейді, бейбіт, жайлы Қазақстанда өмір сүретініме сенемін. Сол кезде болашағымызды сеніп тапсырар адамдар бар екеніне көзім толық жететін секілді.
Мәтін Махаббат Есеннің “Пассионарий” подкастынан алынған.
Дайындаған: Зарина Қайратқызы
Аударған: Құндызай Өмірбекқызы

Хабардар болыңыз!
Кейінгі жаңалықтардың аңдатпасын бізден біле аласыз. Қызық оқиғалар мен мақалаларды біздің сайттан оқыңыздар!
Шақыруыңызды табуға және сәтті мансап құруға көмектесеміз.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Қолдау
Мекен жай
Қазақстан, Астана, Достық көш., 18, 20 оф. (22 қабат.)