Сағат 19:00-де I залда «Келісім симфониясы» Гала-концерті басталып, фестивальдің VI музыкалық циклін аяқтады. Қонақтарға ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Nayaef Al-Fayez құттықтау сөз сөйледі. Сахнаға 10 елден — Әзірбайжан, Қазақстан, Қытай, Нидерланд, Румыния, АҚШ, Өзбекстан, Франция, Швейцария және Швециядан келген фестиваль лауреаттары шықты. Олар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының камералық симфониялық оркестрімен (дирижері - Барбара Поплавская), поп-джаз тобымен және А. Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінің - ЮНЕСКО клубының бишілерімен бірге өнер көрсетті.