Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау курортында Turaqty Jol 7.0 эконауқаны аясында Тянь-Шань шыршасының 60 көшеті отырғызылды
«Шымбұлақ» тау курортында TURAQTY JOL 7.0 ұлттық әлеуметтік эконауқанының III кезеңі өтті. Іс-шара экологиялық бастамаларды, ағартушылық шараларды және белсенді жастарды біріктірді. Акция аясында ұйымдастырушылар мен серіктестер курорттың Shyrshaly бастамасына қосылып, Тянь-Шань шыршасының 60 көшетін отырғызды. Сонымен қатар курорттың базалық станциясы маңында ЮНЕСКО клубтарының күні өтіп, Алматы жастары әлеуметтік, экологиялық, білім беру және мәдени жобаларын таныстырды.